×

«Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп, сотқа жүгінді

Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуі тоқтатылды

 Халық үні 12.10.2022 | 19:45
Фото: baq.kz

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен отырыста Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Шавкат Өтемісов баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұржан Әлтаевқа қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес ҚР ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салу жіберілгенін хабарлады. Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сәйкес, Нұржан Әлтаевқа қатысты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.

Мәселен, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, Нұржан Әлтаев Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарға қойылатын Конституция мен «ҚР сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес келеді.

Мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 5 жыл 2 ай;

Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты ұсынған «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар.

Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Жоғары білімі бар (дипломның түпнұсқасымен салыстырып тексеру жүргізілді).

Сонымен қатар 2022 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Астана қаласы Байқоңыр ауданы сотының «Мұқалмас» РҚБ жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну туралы 2022 жылғы 6 қазандағы № 19 хаттамасының қолданылуын тоқтата тұру туралы ұйғарымын дереу орындау талабы келіп түсті.

Соттың шығарған шешімі негізінде,сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына сәйкес кандидат Әлтаев Нұржан Бауыржанұлының Орталық сайлау комиссиясымен сәйкестігін белгілеу тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама