×

Оңтүстік Корея кемемен барған 20-дан аса ресейліктің екеуін ғана елге кіргізген

Әділет министрлігі ресейліктердің кіруіне неліктен тыйым салынғаны туралы нақты айтпады

 Еркеғали Болатұлы 12.10.2022 | 16:43
фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Корея кемелермен келген ресейліктерге кіруге рұқсат бермеді деп хабарлады Reuters.

Агенттіктің хабарлауынша, Ресейдің 20-дан аса азаматы Ресей порттарынан Азия еліне жүзіп барған. Бірақ соның екеуіне ғана шекарадан өтуге рұқсат берілген.

Атап айтқанда, кемелердің бірінде 5 адам болған. Олар Владивосток портынан Оңтүстік Кореяның Уллын аралына жүзіп барыпты. Оларға елге кіруге тыйым салынғанмен, тамақпен қамтамасыз етіліп, басқа да қажетті көмек көрсетілген. Сондай-ақ Пхоханда 3 кеменің бірінде 9, оның ішінде әскерге шақырылған ер адамдар болған...

Корея Әділет министрлігі ресейліктердің кіруіне неліктен тыйым салынғаны туралы нақты айтпады. Алайда ресейліктер Оңтүстік Кореяның саяхатқа рұқсат беру электронды жүйесі арқылы алдын ала рұқсат алса, олар елге визасыз кіре алады.

Еске сала кетсек, «арнайы әскери операция» басталғалы бері көптеген елдер ресейліктерді қабылдаудан бас тартып жатыр. Мысалы, 19 қыркүйектен бастап Латвия, Литва, Эстония және Польшада ресейліктерге кіруге тыйым салынған еді. Ал Финляндия Ресеймен шекараны 30 қыркүйекте жауып тастады. Шектеулерге қарамастан, ресейліктердің негізгі ағымы Қазақстанға, Грузияға, Моңғолияға және Арменияға аттанған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама