×

ШҚО-да 12 күнде 11 мың гектардан аса алқап өртеніп кетті

Келтірілген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден, оның ішінде өрт сөндіруге жұмсалған шығын 31 миллион теңгеден асады

 Еркеғали Болатұлы 12.10.2022 | 14:56
фото: ашық дереккөз

ШҚО-дағы дала өрті 12 күнде табиғатқа 1 миллиард 63 миллион теңге залал келтірген. Өрт сөндіруге жұмсалған қаражат көлемі де қомақты.

Өңірде қыркүйектің соңы мен қазан айының басында 11 мың гектардан аса алқап өртеніпті. Оның 6 мыңнан аса гектары – орман. Тіпті, бір мезетте тұтанған 5 орман өртін құтқарушылар әрең ауыздықтаған. Оның үстіне аптап ыстықтан даладағы қураған шөп те қоса жанып жатыр. Артынша екпінді желден қарқын алған от апталап ешкімге ырық бермеген.

«Келтірілген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден, оның ішінде өрт сөндіруге жұмсалған шығын 31 миллион теңгеден асады. Сондықтан шығынды есептей отырып, келешекте тілсіз жауды болдырмау үшін орман шаруашылықтарына ұсыныс берілді», - дейді ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Мейрембеков.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама