×

Қырғызстан Өзбекстаннан жерлерін қайтарды

Екі ел таулар мен ауылдарды, арналар мен су қоймаларын бөліп алды

 Дастан Жұмабекұлы 12.10.2022 | 12:26
фото: asiaplustj.info

Қырғызстан мен Өзбекстанның арасында шекараны делимитациялау жөнінде келісімге қол қойылды.

Бұл туралы Қырғызстанның Мпемлекеттің ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Жогорку Кенештің халықаралық істер, қорғаныс, қакіпсіщздік және миграция жөніндегі комитетінің отырысында айтты.

Оның айтуынша, осы кезге дейін екі ел арасындағы даулы шекарадағы 4 485 гектар жер Өзбекстанға, 19 699 гектар жер Қырғызстанға берілді.

Өзбекстанға Кемпир-Абад су қоймасының маңындағы 4 485 гектар жер берілді. Ал Қырғызстан Гавасай елді мекеніндегі 12 949 га, Ала-Бука ауданындағы Кок-Серек (105 га), Баястан (212 га), Кара-Белес ауылдарын (25 га), Кара-Су ауданындағы Ак-Таш ауылын (100 га)  қосып алды. Сонымен бірге Унгар-Тоо тауын (35 га), Шарихан-Сай арнасын (19,5 га), Сузак (500 га), Узген (500 га) аудандарын, Орто-Токой (1 009,5 га) су қоймасын толығымен алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама