×

Нұржан Әлтаевтың кандидаттық мәселесі жеке отырыста қаралады – ОСК

Лингвистикалық комиссия Нұржан Әлтаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растап, тіркеді

 Халық үні 12.10.2022 | 11:04
Нұржан Әлтаев, фото: tengrinews.kz

«Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ҚР президениттігіне кандидат ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтың құжаттары ОСК отырысында қаралып, нақты шешім шығарылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді.

11 қазанда кезектен тыс президент сайлауына үміткер ұсыну мерзімі аяқталды. ҚР президениттігіне кандидат ретінде ұсынылғандардың саны – 12. Орталық сайлау комиссиясы әзірге 5 үміткер бойынша ҚР Президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес деген қаулы қабылдады.

Кеше лингвистикалық комиссия Нұржан Әлтаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растап, тіркеді. Осыған байланысты БАҚ өкілдері Орталық сайлау комиссиясының хатшысынан «Бұл Нұржан Әлтаевтың канидатурасы талапқа сай екені анықталды дегенді білдіре ме?» деп сұрады.

Әлтаев мырза емтиханнан өтті. Енді осы үміткердің кандидаттық мәселесін, кеше де айтқандай, жеке отырыста қараймыз, - деді ОСК хатшысы.

Еске салайық, бұған дейін ОСК баспасөз қызметі ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтың құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама