×

Кикбоксинг: Қазақстан құрамасы 51 жүлде алды

Жастар мен кадеттер құрмет тұғырының биік сатысына көтерілді

 Дастан Жұмабекұлы 12.10.2022 | 10:29
фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Кикбоксингтен Италияның Лидо-ди-Йезуло қаласында жастар мен кадеттер арасында өткен әлем чемпионатында отандастарымыз 9 алтын, 19 күміс пен 23 қола жүлдені жеңіп алды.

Бұл додаға әлемнің 63 елінен 750-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасынан 62 кикбоксшы (жастардан 41, кадеттен 21) күш сынасты. Жастар 5 алтын, 15 күміс, 13 қола медальді иеленсе, кадеттер 4 алтын, 4 күміс, 10 қола жүлдеге ие болды.

Бүгін түнде  спортшыларымыз елге оралды.

Оларды Астананың халықаралық әуежайынан туыстары, достары мен Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері күтіп алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама