×

Президенттікке үміткер ретінде құрылысшы да құжаттарын тапсырды

Кандидат «Қазақстан құрылысшылар одағы» РБ атынан ұсынылды

 Динара Амантай 10.10.2022 | 17:56
Фото: inbusiness.kz

«Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық бірлестігінің атынан Талғат Файзуллиұлы Ерғалиев кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2022 жылғы 10 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Талғат Файзуллиұлы Ергалиевтің «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті, – делінген ОСК хабарламасында.

Үміткер «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі жоғары органы отырысының ҚР президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні,Т.Ф. Ерғалиевтің ҚР президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтінішін, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжатты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама