×

Осы аптада елімізде күн +25 градусқа дейін жылынады

Солтүстік және орталықтың өзінде термометр бағаны күндіз 15-20 градусқа дейін көтеріледі

 Еркеғали Болатұлы 10.10.2022 | 13:27
фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК мамандары 11-13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Еуропалық антициклонның әсерінен Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтап, күндізгі ауа температурасының жоғарылауы болжанады. Елдің батысына Қара теңіз аудандарынан тағы бір циклон жылжуымен бұлтты және жаңбырлы ауа-райы күтіледі.

Қазақстанның солтүстігінде және орталығында термометр бағаны күндізгі уақытта 15-20 градусқа дейін көтерілсе, шығыс аймақтарда 13-18 градусқа дейін жылынады. Ал оңтүстікте ауа температурасы 20-25 градусқа жоғарылап, елдің батысында 10-18 градусқа дейін жылынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама