×

Ертең президентікке кандидаттарды ұсыну аяқталады

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді

 Халық үні 10.10.2022 | 12:46
фото: Halyq Uni

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Президент сайлауына кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталды. Кандидаттарды ұсыну науқаны 11 қазан, кешкі сағат 6-ға дейін созылады. Оларды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Ал әрбір үміткер 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті.

Президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылғандар:

  • Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан;
  • Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;
  • Мейрам Қажыкен – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы бірлестігі атынан; 
  • Қасым-Жомарт Тоқаев - Халықтық коалиция атынан;
  • Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.

Ал, президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтың құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама