×

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға келіп жатқан SMS туралы түсіндірді

Кейбір азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін

 Динара Амантай 09.10.2022 | 17:35
Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі қазақстандық азаматтарға ұялы телефондарына келіп жатқан SMS-хабарлама туралы түсіндірді деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазір азаматтарға нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажеттігі туралы SMS-хабарламалар келіп жатыр. Мұны ІІМ 1414 сall орталығы арқылы бүгінде тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген, яғни тіркеуден шығарылған адамдарға жіберіп жатыр.

Мұндай SMS-ті алған азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі қажет.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелмегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тұрғындарды тіркемегені үшін тұрғын үй иелеріне де осындай жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан, егер меншік иесі тұрғылықты жері бойынша тіркеуден бас тартса, көші-қон қызметіне хабарлауды сұраймыз, - деп еске салды ведомствода.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама