×

Ақтауда такси жүргізушілерінің басы дауға қалды

Әуежай маңында төбелескен жүргізушілер айыппұл арқалауы мүмкін

 Наима Нұрәлі 09.10.2022 | 13:50
Фото: ашық дереккөз

Оқиға Ақтау халықаралық әуежайының кіреберісінде болды. Өзара сөзге келіспей қалған такси жүргізушілері мәселені жұдырықпен шешпек болған. 

Бейнежазбада екі ер адам жанжалдасып қалғаны байқалады. Бірі былапыт сөздер айтып, қарсыласын соққының астына алмақ болғаны анық көрсетілген. 

Ерегіскен екеуді әріптестері ажыратып үлгерді. Бүгінде бұл дерек Маңғыстау облысы полиция департаментіне тіркелді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама