×

ШҚО-ның барлық аймағында құрғақ шөптің өртену фактісі тіркелген

Орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған

 Еркеғали Болатұлы 08.10.2022 | 18:16
фото: ашық дереккөз

ШҚО ТЖД қызметкерлері облыстың барлық аудандарында құрғақ шөптің өртенуіне байланысты дабыл қақты. Қауіпті кезең басталғаннан бері 300-ден аса құрғақ шөптің жану фактісі, 242 гектар алаңды қамтыған 4 дала өрті тіркеліп, салдары жойылған.

Бастапқы кезеңдегі өртті бақылау үшін өңірдің құтқарушылары «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ деректері ұсынатын ғарыш мониторингін пайдаланады және «Geosat» ЖШС жылу нүктелері бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде ғарыштық технологиялардың көмегімен құтқарушылар өрттің таралуын дер уақытында анықтап, алдын алып отыр. Сәуір айынан бастап 640-тан аса жылу нүктелері пысықталып, қабылданған жедел шаралардың арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ өңірде профилактикалық рейдтер үнемі өткізіліп тұрады екен. ШҚО ТЖД МӨБ басқарма бастығының міндетін атқарушы Нұржан Өміржановтың айтуынша, өңірде құрылған 44 мобильді топ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін 40 бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама