×

Наразылар Прага сарайының алдына Путиннің жалаңаш мүсінін орнатты

Бұл уақытта Еуроодақ басшыларының бейресми саммиті өтіп жатқан болатын

 Ая Өміртай 08.10.2022 | 17:04
фото: ашық дереккөз

Белсенділер алтын түстес әжетханада жалаңаш отырған Ресей президенті Владимир Путиннің мүсінін Еуроодақ басшыларының бейресми саммитінде бас қосатын Прага сарайының алдына апарып орнатты деп хабарлады Halyq Uni.

Euronews басылымының жазуынша, алтын түстес дәретханада қолына щетка ұстаған Путин бейнеленген. Екінші қолында кір жуғыш машинаның қанды макеті бар. Оның етегінде қолына қанды хоккей таяқшасын ұстаған, өзін Беларусь президенті деп жариялаған Александр Лукашенко отыр.

Мүсіндік композиция «Жалаңаш қанішерлер» деп аталады. Украинаны қолдайтын бір топ шерушілер Прага қамалының маңына Еуроодақ пен Украина жалауын көтеріп жиналған. Арасында «Ресейліктер Путинге қарсы» деп жазылған плакаттар көтергендер де болған.

Айта кетсек, Еуроодақ басшыларының бейресми саммитінде басты тақырып ретінде Украинадағы энергетикалық даңдарыс пен соғыс талқыланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама