×

Сайлау: үміткерлерден емтихан алушылар қатарында Мырзатай Жолдасбеков жоқ

Білім деңгейін лингвистикалық комиссия бағалайды

 Ая Өміртай 08.10.2022 | 15:32
фото: ашық дереккөз

Бүгін ОСК жанындағы тіл комиссиясы құрылды. Оның құрамында Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Жанғара Дәдебаев, Гүлтас Құрманбай, Дихан Қамзабекұлы, Анар Фазылжанова бар. Бұл жолғы тізімге сайлау науқаны сайын төбе көрсетіп тұратын тіл маманы Мырзатай Жолдасбеков енбеген.

Үміткерлер шығарма жазып, оқып және сөйлеуден емтихан тапсырады. Білім деңгейін лингвистикалық комиссия бағалайды.

Президенттікке ұсынылған кандидаттар:

1. Мейрам Қажыкен. «Аманат» кәсіподақтар достастығынан. 4 қазан.

2. Жигули Дайрабаев. «Ауыл» партиясынан. 6 қазан.

3. Нұрлан Әуесбаев. ЖСДП атынан. 7 қазан.

4. Қасым-Жомарт Тоқаев. «Аманат», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы» - халықтық коалициядан. 7 қазан.

5. Нұржан Әлтаев. «Мұқалмас» қоғамдық ұйымы атынан.

Еске сала кетсек, құжат қабылдау 11 қазан күні аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама