×

Владимир Зеленский маңызды мәлімдеме жасады

Херсон облысында ондаған елді мекен де қайтарылды

 Халық үні 07.10.2022 | 21:52
фото: ашық дереккөзден

Украина әскері қазанның бірінен бері 500 шаршы шақырымнан астам аумақты Ресей қарулы күштерінен азат еткен. Оның қатарында Херсон облысында ондаған елді мекен де қайтарылды.

Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді.

Бұған қоса Зеленский Запорожье атом электр станциясындағы ахуалға да тоқтады. Зауыт жұмыс істемесе, Украина мен Еуропа Одағы елдері электр қуатына зәру болуы мүмкін. Айта кетсек, бұған дейін станцияға жасалған шабуылдан реакторлар жұмысын тоқтатқан еді. Қарулы қақтығысқа дейін бұл зауыт Украинадағы электр қуатының 5-тен бір бөлігін қамтамасыз етіп келді.

Ал осы аптада Ресей Президенті Владимир Путин атом электр станциясын мемлекет меншігіне беру туралы жарлыққа қол қойды.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік болса, бұл нысан Украинаға тиесілі деп санайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама