×

Түркия президенті Украинада тыныштық орнау үшін бәріне дайын екенін айтты

Ол РФ президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

 Дәурен Ерболат 07.10.2022 | 15:41
Фото: РИА Новости

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Украинада тыныштық орнау үшін бәріне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Олар қос елдің қарым-қатынасын нығайтатын мәселері мен Ресей-Украина соғысындағы соңғы оқиғаларды талқылады. 

Әңгіме барысында президент Ердоған Украина мәселесін бейбіт жолмен шешуге өз үлесін қосуға дайын екенін растады, - деп жазылған мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, соңғы рет президенттер 29 қыркүйекте телефон арқылы сөйлескен болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама