Ақтауда мысыққа қатыгездік жасаған ер адам қамауға алынды
Күдіктінің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз

Фото: Instagram @aktau_pets
Ақтауда мысыққа әдейі қатыгездік жасаған ер адам изоляторға қамалды деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Сот ер адамды қамауға алу туралы мәселені қарастырады. Сот әлі болған жоқ. Күдікті уақытша тергеу изоляторына 72 тәулікке қамалды, - деп жазылған хабарламада.
Еріктілердің айтуынша, бүгінде мысықтың жағдайы ауыр.