×

Мұрат Әбенов Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі болды

Ол медициналық көмек тұтынушыларының қанағаттанушылығын арттыру үшін бар күшін салмақ

 Динара Амантай 07.10.2022 | 09:44
Фото: gov.kz

Мұрат Әбенов Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың пациенттердің құқықтарын қоғамдық негізде қорғау мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, кеше Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы Мұрат Әбеновпен кездескен болатын.

Кездесу барысында Мұрат Әбенов МӘМС-тің ақшасы қайда кетіп жатыр деген сұрақ туындамас үшін науқастарға шығарылғаннан кейін көрсетілген қызметтер мен олардың құны көрсетілген тексеру парағын шығаруды ұсынды.

Ажар Ғиният Мұрат Әбеновке медициналық көмектің сапасын жақсарту ісіндегі белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, пациенттердің құқықтарын қоғамдық негізде қорғау мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесші болуды ұсынды.

Мұрат Әбенов өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі көрсетіп отырған ашықтық пен айқындық саясатын атап өтіп, медициналық көмек тұтынушыларының қанағаттанушылығын арттыру үшін бар күшін салатынына сендірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама