×

Тоқаев халықтық коалиция атынан президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Сайлау 20 қарашада өтеді

 Дәурен Ерболат 06.10.2022 | 17:12
Фото: Telegram/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық коалиция атынан кезектен тыс президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Коалицияда басты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың болуы өте маңызды. Себебі онда барлық әлеуметтік топ қамтылған, - деді президент халықтық коалиция форумында.

Коалиция құрамында:

  • Ұлттық еріктілер желісі,
  • Қазақстанның Азаматтық альянсы,
  • Qazaqstan team жастар бірлестігі,
  • Ардагерлер ұйымы,
  • Қазақстандық спортшылар одағы,
  • Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі,
  • Генералдар кеңесі,
  • Үш парламенттік фракция: Аманат, Қазақстан Халық партиясы және “Ақ жол” партиялары бар. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама