×

Атырау облысында жүк көлігі мен 840 тонна шөп өртеніп кетті

Өрт тек кешке сөндірілген

 Дәурен Ерболат 06.10.2022 | 12:26
Скрин: instagram/atyrau_tjd

Атырау облысында КамАЗ көлігі мен 840 тонна шөп түгі қалмай жанып кетті деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқыс оқиға 5 қазанда түскі сағат 12:09-да Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылында болған.

101 нөміріне ауылдағы Бопай ханым көшесінде шөп жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Ауыл Жылыой аудандық өрт сөндіру бөлімінен 27 шақырым жерде орналасқан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде «КамАЗ» жүк көлігі өртенгенін анықтаған. Салдарынан жалын жинаулы тұрған орама шөпті шарпыған. Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері мен 2 техникасы тартылды, - деп жазылған хабарламада.

Өрттің ауданы – 1250 шаршы метр. «КамАЗ» да, 840 тонна шөп те (2400 орама) толық жанып кеткен. Өрт тек кешкі сағат 17:50-де толық сөндірілді. Оның неден шыққанын мамандар анықтап жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама