×

Петропавлда полицейлер жойқын жарылыстың алдын алды (ВИДЕО)

Олар өз әрекетін ерлік деп санамайды

 Дәурен Ерболат 06.10.2022 | 11:23
Фото: vlast.kz

Петропавлда полиция қызметкерлері өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарып, жойқын жарылыстың алдын алды деп хабарлады Polisia.kz.

Қалада түнгі кезекшілікте жүрген Әсет Сыздықов және Артем Маренков есімді патрульдік полицейлер өртенген үйден адамдарды сыртқа алып шыққан.

Олар Волочаевский көшесіндегі жер үйден шыққан түтінді байқап, бірден оқиға орнына барған. Ауладағы қора-қопсы отқа оранып, жалын үйдің шатырына ауған. Үйдің ішін түтін басып, электр жарығы болмаған. Әйел полицейлерге екінші қабатта күйеуі қалғанын, бірінші қабатта әже болғанын айтқан.

Сондай-ақ жасөспірім қыз сыртқа шығып үлгеріпті. Түтінге тұншыққан полицей Әсет Сыздықов адамдарды, ал Артем Маренков жойқын жарылыс болмас үшін газ баллонын көшеге алып шыққан. Тәртіп сақшылары өз әрекетін ерлік деп санамайтынын атап өтті.

Бұл – біздің жұмысымыз. Адамдарға көмектесу – міндетіміз, - деді полиция қызметкері Әсет Сыздықов.

Құтқару операциясының бір бөлігі бейнекамераға түсіп қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама