×

Қарағандыда жантүршігерлік жағдай болды (ФОТО)

Қайғылы оқиғаны облыстық полиция департаменті растап отыр

 Халық үні 05.10.2022 | 20:55
фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда әйел мен оның 7 жасар қызының денесі орман алқабынан табылды. Болжам бойынша, олар кісі қолынан көз жұмған, деп хабарлайды stan.kz. 

Болжам бойынша, қайғылы оқиға 18 немесе 19 қыркүйекте болған. 84 жастағы Антонина Янгельдің айтуынша, шөбересі мен немересі сыртқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Бірнеше күннен кейін әжесі екеуінің де көз жұмғанын білген. Олардың мәйіттері Қарағандыдан Ақтасқа барар жолдағы орман алқабынан табылған. Көзі дұрыс көрмейтін әже енді жалғыз қалып отыр. Оның бір кездері ұлы Германияда, қызы Украинада барып, жоғалып кеткен екен. 

Тұрғындар алаңдап отыр. Қарт әже аз зейнетақымен өмір сүреді, оның туыстары жоқ. Тамақ жасамақ түгілі, өзіне толықтай ақарай алмайды. Ең сорақысы 33 жастағы әйел мен 7 жастағы қызды кімнің өлтіргені белгісіз. 

«Немерем қызымен бірге ұзақ уақыт Украинада тұрған. Кейін Қазақстанға оралып, менімен тұрғысы келетінін айтты. Оны колледжге оқуға, содан кейін медициналық мекемеге жұмысқа орналастыруға тырыстық. Соңында автоломбардта есепші болып жұмыс істеді. Жұмыс орны жабылып қалған соң сауда орталығында бутиктің сатушысы болды. Немеремніңалғашқы некесі сәтсіз аяқталды. Басында бәрі жақсы болған. Жүкті болғаннан кейін оған көмектесіп тұрдым. Ерлі-зайыптылар біраз уақыт бірге тұрды», – дейді Антонина Янгель ekaraganda.kz порталына берген сұхбатында. 

Қарияның айтуынша, бір кездері немересіне белгісіз біреуден хаттар келе бастаған.

«Ол кімнен, не жазылғанын білмеймін. Қайғылы жағдайға себеп болды ма, ол да белгісіз. Полиция бұл істі тергеп жатыр ма? Оны да білмеймін. Маған ешкім келген де жоқ, қоңырау да шалмады» – , дейді әже дірілдеген дауыспен. 

Қайғылы оқиғаны Қарағанды облысы полиция департаменті растап отыр. 

«24 қыркүйек сағат 16.00 шамасында Ақтас кентінің сыртындағы орман алқабында денелері күрт бүлінген 33 жастағы азаматша мен оның 7 жастағы қызының мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2,3-тармақтарына сәйкес қылмыстық іс тіркелді», – делінген полиция хабарламасында. 

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама