×

Илон Маск адам тәрізді робот Optimus-ты таныстырды

Оның салмағы 73 кг, ал бағасы 20 мың доллар

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 14:13
фото: ашық дереккөз

«Tesla» компаниясының бас директоры,  нженер, миллиардер Илон Маск адам тәрізді Optimus роботының прототипін көрсетті.

Optimus роботы ақпан айында жасалған. Ол –  роботтың жаңа буыны. Оның салмағы 73 кг, , ал бағасы 20 мың доллар.

Тұсау кесерде роботтың АҚШ-тың Калифорния штатындағы өндірістік аймақта өсімдіктерді суарып, жәшіктерді тасып, металл сымдарды көтеріп жатқаны бейнеленген видеотаспа көрсетілді. 

Масктың айтуынша, «Tesla» бұдан да мінсіз робот шығаруды жоспарлап отыр. Болашақта олар миллиондаған сериямен шығарылмақ. Қазір гуманоид роботтарда «ми» және өз бетінше «мәселені» шешу қабілеті жетістірілуде.

Optimus роботы Tesla SoC процессорымен жабдықталған, онда Wi-Fi және LTE модульдері бар. Сондай-ақ роботқа 2,3 кВт/сағ батарея орнатылған. Оның қуаты күні бойы жүріп тұруына жетеді. Өндірістік модель қазірдің өзінде 8 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, 20 кг-ға дейінгі жүктерді көтере алады.

Электромобиль өндіруші алдағы үш-бес жылдан кейін Optimus-қа тапсырыс қабылдауға үміттеніп отыр. Болашақта компания үшін көліктен гөрі робот жасау маңыздырақ болуы мүмкін екенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама