×

Қазақстанның азаматтық альянсы президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

 Халық үні 05.10.2022 | 11:58
Фото: akorda.kz

Қазақстанның азаматтық альянсы ҚР президенті лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуды қолдайтынын мәлімдеді.

Бүгін Қазақстанның азаматтық альянсы мүшелерінің жоғары басқару органы ретіндегі конференциясы өтті. Онлайн форматта өткен жиынға еліміздегі жиырма өңірінің азаматтық альянсы көшбасшылары қатысты.

Азаматтық альянс президенті, конференция төрағасы Бану Нұрғазиева жиналысқа қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

Бану Нұрғазиева әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Қазақстанда саяси жаңғыру, экономиканы қайта құрылымдау, әлеуметтік саланы дамыту жоғары қарқынмен жүріп жатқанын атап өтті.

Өңірлік альянс көшбасшылары өз сөздерінде Президент ұсынған барлық бастамалар мен реформаларды Қазақстан азаматтары талап ететінін, өйткені олар халықтың, қарапайым адамдардың мүддесінен туындайтынын айтты.

Қазақстан азаматтық альянсы конференциясының мүшелері бірауыздан Қазақстан президенті лауазымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуды қолдайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Елімізде президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама