×

Еңбек министрлігі жалған ақпарат таратқан БАҚ-қа ескерту жасады

Министр Тамара Дүйсенова қазақ тілін жетік меңгерген

 Дәурен Ерболат 04.10.2022 | 17:52
Фото: kazday.kz, ranking.kz

Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігі шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан бұқаралық ақпарат құралдарына ескерту жасады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ranking.kz-те кейін басқа БАҚ-та Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мемлекеттік тілді білмейді деген шындыққа жанаспайтын ақпарат жарияланды. Көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын ескертеміз, - деп жазылған хабарламада.

Министрлік Тамара Дүйсенованың ана тілі қазақ тілі екенін атап өтті.

«Министр мемлекеттік тілді жетік меңгерген, Үкімет пен Парламентте үнемі қазақша сөз сөйлейді, БАҚ-та ақпаратты қазақ және орыс тілінде қатар береді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы 2 бөлігіне сәйкес БАҚ-ты пайдаланып, жала жабу («Басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді тарату») 650 АЕК (2 млн 67 мың теңге, 1 АЕК – 3 мың 180 теңге) көлемінде айыппұл төлеу немесе 25 тәулікке әкімшілік қамауға алуға алып келеді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұраймыз.», - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Еске салайық, 3 қазанда Ranking.kz-те «Министры-полиглоты: 2 из 19 министров РК не владеют государственным языком, 7 из 19 – английским» атты материал жарияланды. Онда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың мемлекеттік тілді білмейтіні туралы жалған ақпарат жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама