×

Солтүстік Корея Украина облыстарының Ресейге қосылуын қолдады

Елдің СІМ-і бұл аумақтардағы референдум БҰҰ Жарғысына сәйкес заңды түрде өтті деп есептейді

 Динара Амантай 04.10.2022 | 16:53
Фото: news.rambler.ru

Солтүстік Корея Донецк және Луганск халық республикаларының, Запорожье және Херсон облыстарының Ресейге қосылуын қолдайды. Бұл туралы КХДР Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдар департаментінің басшысы Чо Чхоль Су мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі rbc.ru порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл аумақтардағы референдум БҰҰ Жарғысына сәйкес заңды түрде өтті. Украина билігі бақылауын жоғалтқан аумақтардағы референдумдарды айыптайтын АҚШ қарарына түсініктеме бере отырып, ол Америка өзінің үстемдігін сақтап қалу үшін «бандиттік қос стандарттарды» ұстанып отыр деп есептейді.

Дауласуға жатпайтын «бірполярлы әлемді» сақтау үшін АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін теріс пайдалану арқылы тәуелсіз елдердің ішкі істеріне араласып, олардың заңды құқықтарын бұзып отыр, – деді Чо Чхоль Су.

Еске сала кетсек, ДНР, ЛНР билігі және Херсон және Запорожье облыстарының әскери-азаматтық әкімшіліктерінің басшылары 23-27 қыркүйекте Ресейге қосылу туралы референдум өткізген болатын. 30 қыркүйекте президент Владимир Путин бұл аймақтардың басшылығымен олардың елге кіруі туралы келісімдерге қол қойды.

Украина президенті Владимир Зеленский болса Ресейді Путин басқарып тұрған кезде Ресей жағымен келіссөздерден бас тартатынын айтты. Бұған дейін ол Киев жоғалған аумақтарды қайтарады деп уәде еткен.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, ЕО елдері екі республика мен екі аймақтың Ресейге қосылуын мойындаудан бас тартты. Олардың пікірінше, бұл қадам халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама