×

«Атамекен» ҰКП басшылығында тағы ауыс-түйіс болды

Абылай Мырзахметовтың орнын басқа маман басты

 Қымбат Елтайқызы 18.02.2022 | 15:00
фото: ашық дереккөзден

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында басқарма төрағасының міндетін атқарушы және төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды. Ақпаратты «Атамекеннің» баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов болды. Ол бұл қызметке дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.

Ал палата басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қиқымов келді. Ол жақында ғана Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кеткен болатын. Қиқымов қалалық әкімдікте 10 жыл қызмет атқарған.

Бүгін «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қызметін босатқан еді. Ал кеше «Атамекен» басшылығына – Тимур Құлыбаевтың орнына Райымбек Баталов жайғасты

Серіктес жаңалықтары

Сараптама