×

«Атамекен» ҰКП басшылығында ауыс-түйіс: Мырзахметов қызметінен кетіп, палатаға жаңа басшы сайланды

Райымбек Баталовтың кандидатурасына 9 адам қарсы шықты

 Ернар Сейтахмет 18.02.2022 | 11:27
Абылай Мырзахметов, фото: atameken.kz

Бүгін елордада «Атамекен» ҚР ҰКП кезектен тыс ІХ съезі өтіп жатыр. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлердің қауымдастық басшысын сайлауға қарсы болғандарға ашуланды.

«Біз бұл жерде комитет төрағасын сайлап отырған жоқпыз. Комитет аккредитациядан өткен қауымдастықтан тұрады. Оның жетекшісін қазір сайласақ та, түскен кейін қарсы болғандар алып тастауына болады. Оған ешкім кедергі келтіре алмайды. Осындай сұрақтардың қойылғаны таңқалдырады», − дейді Абылай Мырзахметов.

Осы тұста сөзін бөлген кәсіпкерге өзінің қаншама сын естігенін, жауап беруге құқы бар екенін айтты.

«Сіздермен бірге 8 жыл жұмыс істеп келемін. Өткен жылы Маңғыстауда болған жағдайда қай қауымдастық көмек көрсетті? Фермерлердан басқа. Қазіргі жағдайда реформа жасап, біреуді алып-салу емес, халықтың жағдайын ойлау керек. Ауылға барып проблемаға көз жеткізу керек», − деді Абылай Мырзахметов.

Палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз еркімен қызметін тапсыратынын мәлімдеді.

Кезектен тыс съезд отырысында негізгі 4 мәселе қаралып жатыр. Бірінші кезекте «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасын және мүшелерін сайлау жоспарланған. Сонымен қатар съезд барысында кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері талқыланып, Ұлттық палатаны әрі қарайғы реформалау мәселесі қаралды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезінде президиумның жаңа төрағасы болып Райымбек Баталов сайланды. Дауыс беруге барлығы 302 адам қатысты: оның кандидатурасына 248 адам дауыс берген, 9 адам қарсы шықты және 38 қатысушы дауыс беруден бас тартты.

Съезде төралқа төрағасын сайлау төңірегінде дау туды. АЭС-тің бірқатар мүшесі президиум құрамын ғана емес, заңның кейбір нормаларын да өзгерту қажет екенін айтты.

Көп нәрсені өзгерту керек екені түсінікті. Спикерлер айтқандай, бұл бірнеше айға созылатындығымен келісемін. Біз қазір сайлайтын президиум және жаңа палатада, жаңа жарғы, жаңа заңмен сайланатын төралқа - бұл басқа палата, өзара қарым-қатынас жүйесі болады. Мен 2-3 айдан кейін жиналып, жаңа жарғы жасап, президиумның жаңа құрамын таңдау үшін бәрін жұмысқа белсенді қатысуды ұсынамын. Мүмкін ол басқаша аталуы мүмкін, - деді Баталов дауыс беру алдында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама