×

Мусин интернет жылдамдығы не себепті баяулап қалғанын түсіндірді

Министр ақпарат жүйелеріне DDoS-шабуыл жасалғанын айтты

 Дәурен Ерболат 04.10.2022 | 12:28
Halyq Uni

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет жылдамдығының неге баяулап қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, елдегі ақпарат жүйелеріне DDoS-шабуылдар жасалған.

Тиісті мекемелердің мәліметінше, кейінгі аптада Қазақтандағы ақпарат жүйелеріне DDoS және басқа шабуылдар жасалды. Сондықтан елімізде интернет жылдамдығы төмендеді, - деді министр Үкімет отырысынан кейін.

Сондай-ақ Бағдат Мусин министрлік ақпарат қауіпсіздігі саласына жауап бермейтінін атап өтті.

«Цифрлық даму министрлігі ақпарат қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады. Ал ақпараттық жүйелерге жасалған шабуылды тойтаруға мемлекеттік техникалық қызмет жауап береді. Оларда тиісті құралдар мен ресурстар бар», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, қазақстандықтар бірнеше күннен бері интернеттің баяу жұмыс істейтініне шағымданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама