×

Кепілде тұрған депозиттерге де 10 пайыз: «Отбасы банк» өтемақы алуға өтініш қабылдауды бастады

Депозит бойынша мемлекеттік өтемақы алуға өтініш қабылдау басталды

 Дәурен Ерболат 03.10.2022 | 13:14
фото: Halyq Uni

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай теңге депозиттерін қорғау мақсатында қолға алынған 10 пайыздық өтемақы кімдерге берілетінін түсіндірді.

Қаржы институты басшылығына журналистер тарапынан «Бұған дейін «Отбасы банктен» ипотекамен үй алғандар ғана қатыса ма, әлде ақша жинап жатқандар ғана қатыса ма?» деген сұрақ қойылды.

«Бұл жерде несие жинап жатқан, әзірге баспана алмаған адам да бағдарламаға қатыса алады. Оған да 10 пайыз өтемақы беріледі. Сондай-ақ 2022 жылдың 20 ақпанына дейін бізден аралық және алдын ала займ алған, біздегі кепілде тұрған депозиттерге де 10 пайыз үстіне қосылады. Мерзімдерін нақтыласақ, 1 қазаннан 1 қаңтарға онлайн түрде өтініш беру керек», - деді Жансұлтан Матай.

Ал «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова екі күннің ішінде аталған өтемақы алуға 2,5 мың өтініш түскенін мәлім етті. «Отбасы банк» салымшылары 2023 жылдың бірінші қаңтарына дейін өтемақы алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама