×

Өрт сөндірушілердің айлығы жаңа жылдан бастап 40%-ға артады - Ильин

Олардың қазіргі айлығы 100 мың теңгеден сәл ғана асады

 Еркеғали Болатұлы 21.09.2022 | 18:09
фото: ашық дереккөз

Өрт сөндірушілердің жалақысы 40 пайызға өсетін болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өзі мәлімдеді.

Жалпы, елдегі ең қауіпті жұмыс саналса да, өрт сөндірушілердің еңбектері тиісті деңгейде еленбей келеді. Әлеуметтік жағдайлары да шешілмеген. Тілсіз жаумен алысып, өмірлеріне күн сайын қауіп төнетіндердің айлығы 100 мың теңгеден сәл ғана асады. Қазір осы мәселе Үкіметте президент тапсырмасынан кейін ғана қаралып жатыр.

Қазір Ұлттық экономика министрлігімен бірге айлықты кемінде 40 пайыз көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Егер ол іске асса, жаңа жылдан бастап қызметкерлердің айлығы өседі, - дейді Юрий Ильин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама