×

Сарыағаштық ЖШС Ақтөбеде медициналық анықтаманы 5 есе қымбатқа сатқан

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы қызметінен босатылды

 Еркеғали Болатұлы 14.09.2022 | 12:06
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан тағы да шу шықты. Бұл жолы ол орталықта не лицензиясы жоқ, не рұқсат құжаттары жоқ күмәнді мекемелердің медициналық қызмет көрсеткені анықталды. Тіпті олар нарколог анықтамасын 5 есе қымбатқа сатқан көрінеді.

Бұл заңсыздықтар прокурорлық тексеріс кезінде анықталған. Түркістан облысының Сарыағаш қаласынан келген ЖШС нарколог анықтамасын 1 мың теңгенің орнына 5 мың теңгеге сатқан. Ал басқа мамандардың тексеруін 8 мың теңгеден саудалаған. Оның үстіне серіктестіктің медициналық қызмет көрсету лицензиясы мен санитарлық қорытындысы да болмай шыққан. Мекеме басшысы қызметінен босатылды.

«Прокуратура шараларымен серіктестік лицензиялау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рұқсат құжаттарынсыз медициналық қызмет көрсету шарты бұзылды. Ал Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы қызметінен босатылды», - деді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Есет Әзімов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама