×

Ірі көлемде пара алу сәтінде ұсталған Қостанай облыстық сотының судьясы екі айға қамауға алынды

Асқар Дарбаев 17 тамызда ұсталды

 Халық үні 12.09.2022 | 10:12
фото: Қостанай облыстық соты

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен Қостанай облыстық соты алқасының төрағасы Асқар Дарбаевты екі ай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Еске салайық, 17 тамызда Қостанай облыстық сотының судьясы Асқар Дарбаевтың ірі көлемде пара алу сәтінде ұсталғаны хабарланған болатын.

Кейінірек облыстық соттың судьясының ұсталғаны туралы ҚР Жоғарғы соты мәлімдеме жасады.

«17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері Қостанай облыстық сотының судьясы ірі пара алу кезінде ұстады. Қаражат соттың оң шешім шығару үшін мүдделі тараптың пайдасына жұмсалған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу департаменті облыстық соттың судьясына қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама