×

Назарбаев меншігінде резиденция бар ма? Президент іс басқармасының жауабы

Тоқаевтың Қазақстан бойынша неше резиденциясы бар?

 Айнұр Шошаева 04.09.2022 | 11:57
Коллаж: Halyq Uni

Алматы қаласындағы Қазақстан Президенциясын күреу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Бүгінгі күні ғимаратты күреу жұмысының 65 пайызы атқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Редакция ҚР Президентінің Іс басқармасына мемлекет басшысының резиденциялары туралы ресми сауал жолдаған болатын. Ведомство Алматы қаласындағы резиденцияны күреу жұмысының қалай жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берді.

Еске сала кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер Алматыдағы Президент резиденциясын қиратып, өртеген болатын. Қазақстанның көпсалалы реконструкциялау және даму институтының қорытындысы бойынша қаңтар оқиғасы кезінде залал келген Алматы қаласындағы резиденцияны бұзу туралы шешім қабылданды. 

Бұл жұмысқа ғимараттың өзін ғана емес, резиденция территориясындағы қосалқы нысандарды бұзу, сонымен қатар инженерлік корпусты күрделі жөндеуден өткізу, осы территорияға жататын жер телімін қалпына келтіру кіреді.  Қазіргі таңда ғимаратты сүру жұмысының 65 пайызы атқарылды. Барлық жұмысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін территория саябақ салу үшін Алматы қаласының әкімдігіне беріледі, – деді Президент іс басқармасы берген жауабында. 

Сонымен бірге редакция Алматыда жаңа резиденцияның құрылысы жүргізіліп жатыр ма және Қазақстан Президентінің неше резиденциясы бар деген сауал жолдаған еді. 

«Бұл сауалдарда сұраған деректер шектелген ақпаратқа жатады, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 16 тармағының 2-ші және 3-ші тармақшалары бойынша жария етуге жатпайды», – деп жауап берді меморган. 

Бұған қоса, 2019 жылдан бері Қазақстанда Президент резиденциясы экс президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарасты мекемелердің (Елбасы кеңсесі, кітапхана мен жеке қор) меншігіне өткенін сұрадық. 

«Сондай-ақ 2019 жылдан бері Сіздің сауалыңызда айтылған қорлардың меншігіне резиденция берілмегенін хабарлаймыз», – делінген Президент Іс басқармасының жауабында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама