×

Қарағандылық алаяқ мүгедек адамның атына екі несие рәсімдеген

Бірінші топтағы мүгедек алаяқ арбауына түскен

 Халық үні 10.02.2022 | 15:30
фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда алаяқ мүгедек адамның атына екі тауарлық несие рәсімдеген.

20 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 36 жастағы І-топтағы мүгедек санатында есепте тұрған қала тұрғынынан арыз түскен.

Жәбірленушіге бірнеше күн бұрын үйіне қажетті заттарын әкеліп беретін бір көмекші келген. Кейін жаңадан танысқан азамат одан шұғыл қоңырау жасау үшін ұялы телефонын сұраған. Қаскөй телефондағы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы екі тауарды 340 мың теңгеге несиеге рәсімдеп жіберген, – дейді полиция.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

3 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмысын мойындады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама