×

Алматылық үлескерлердің пәтерлеріне кіре алмай жүргеніне 14 жыл болған

Мүлікті мүлде ақша төлемей иеленіп отырғандар да бар

 Еркеғали Болатұлы 26.08.2022 | 12:13
фото: ашық дереккөз

Алматыда «Тау-Көктем» тұрғын үй кешеніне ақша салған үлескерлер 14 жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүр. Айтуларынша, құрылысты бастағандар үлескерлердің ақшасын жымқырған. Тіпті пәтерлерді бір емес, бірнеше адамға саудалапты.

Үлескерлердің мәліметінше, мүлікті мүлде ақша төлемей иеленіп отырғандар да бар екен. Себебі бұрынғы мердігер пәтерлерді қосарлап сатып, заңға қайшы әрекет еткен. Алайда жеңіл жолмен пәтерлі болғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Оны анықтаумен қазір полицейлер айналысып жатыр.

ҚК-нің 190-бабы, 3-тармағы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында тиісті құзырлы органдарға сауалхаттар жіберілді және басқа да жедел тергеу іс-әрекеттері жүргізілу үстінде, - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

10 жылдан бері тоқтап тұрған құрылыс жұмыстарын 2018 жылы жаңа мердігер компания жалғастыра бастаған. Олар тұрғын үйді биыл желтоқсанда қолданысқа береміз деп отыр. Ал кімнің пәтерлі болатыны тергеу нәтижелеріне сай жүзеге асады.

Дегенмен баспанасын 14 жылдан бері ала алмай жүрген заңды үлескерлер істің тым ұзап кеткеніне наразы. Мәселенің тезірек шешілгенін күтіп жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама