×

Бюджетке жыл басынан бері 8 трлн теңге салық түсті

Жоспар 104,6% орындалды

 Дастан Жұмабекұлы 25.08.2022 | 17:08
фото: ашық дереккөз

7 айда республикалық бюджетке өткен жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда республикалық бюджетке 1,5 есе немесе 2 557,1 млрд теңгеге салық түсімдері өсті.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 2022 жылғы 7 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 104,6% орындалды. Жоспар бойынша 7 740,9 млрд теңге, 352,2 млрд теңгеге асыра орындалып, нақты түскені - 8 093,2 млрд теңге болды.

Оның ішінде:

- Республикалық бюджет 100,3% орындалды (жоспар бойынша 5 417,9 млрд теңге, 18,1 млрд теңгеге асыра орындаумен 5 436,1 млрд теңге түсті), өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 934,6 млрд теңгеге өсті.

- Жергілікті бюджет 114,4% орындалды (жоспар бойынша 2 323,0 млрд теңге, 334,1 млрд теңгеге асыра орындаумен 2 657,1 млрд теңге түсті) 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30,6% немесе 622,4 млрд теңгеге өсті.

2021 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда, республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыс салығы бойынша 731,2 млрд теңгеге немесе 1,8 есе, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары бойынша 490,7 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы 333,9 млрд теңгеге немесе 1,7 есе, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 199,8 млрд теңгеге немесе 46,0%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 90,2 млрд теңгеге немесе 18,9%-ға және пайдалы қазбалар өндірісіне салық 71,1 млрд теңгеге немесе 35,1%-ға өскені байқалады.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

2022 жылы 7 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 63,3%, мырышқа 30,9%, алюминийге 30,6%, қорғасынға 5,5%, мысқа 3,2% және алтын 2,6% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 53,1%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 7 айында – 57,9 АҚШ доллары, 2022 жылғы 7 айында 1 тонна үшін – 88,6 АҚШ доллары).

Биылғы 7 айда үшінші елдермен тауар айналымы 48,9%-ға өсті (экспорт 61,1%-ға, импорт 21,7%-ға өсті). 

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 6 айда өткізу бойынша айналым 18,4%-ға ұлғайды (51 627 млрд. теңгеден 61 140 млрд теңгеге дейін).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама