×

Шенділер мүгедектердің ақшасын ұрлаған

Сот қоғамдық бірлестіктердің басшысын 3,5 жылға бас бостандығынан айырды

 Дастан Жұмабекұлы 19.08.2022 | 15:22
фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге бөлінген бюджет қаражатының ұрлануы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында «Новая жизнь 2030» және «Жүрек жылуы» қоғамдық бірлестіктерінің 2019 – 2022 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімдігімен ымдау тілі маманының қызметін көрсету бойынша жалған мәмілелер жасағаны анықталды.

Алайда нақты қызмет көрсетілмеген. Мемлекетке 10 миллион теңгеге жуық шығын келген.

Сот қоғамдық бірлестіктердің басшысын 3,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама