×

3 айда 350 млрд теңге: жұрт несиеге смартфон мен туристік пакет алған

Пайыздар өсіп жатыр, бірақ несие азаятын емес

 Еркеғали Болатұлы 16.08.2022 | 10:18
фото: ашық дереккөз

Елімізде қымбат телефон ұстап, саяхат жасау үшін несие алушылар көбейген. Мысалы, соңғы 3 айда банктерден 350 млрд теңге тұтынушылық несие алынған.

Жалпы, тұтынушылық несие көлемі соңғы 3 айда 5,6 пайызға артып отыр. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, жұрт несиені көбіне тұрмыстық техникаға, смартфонға, саяхат жасау үшін туристік пакетке алады екен. Тіпті, әуе билеттерін де несиеге рәсімдейтін болыпты. Сондай-ақ тұрғын үй мен көлік жөндеу үшін заем алушылар басым.

Экономист Мақсат Халық бұл алаңдатарлық жағдай дейді.

«Қазір кредит алатын уақыт емес. Пайыздарды қарасақ, өсіп кеткен. Осындай жоғары пайыздар кезінде несие алмау керек. Бірақ бізде бір феномен қалыптасып отыр. Базалық пайыздық мөлшерлемені Ұлттық банк 14 пайызға көтерді. Пайыздар өсіп жатыр. Бірақ несие азаятын емес, керісінше, көбейіп келе жатыр», - дейді экономист Мақсат Халық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама