×

600 мың доллар: «Қайрат» клубы Құрбан Бердыевтың жылдық табысына қатысты мәлімдеме жасады

«Қайрат» клубы биыл Қазақстан премьер-лигасында 3-орын алды

 Халық үні 22.11.2021 | 11:28
Құрбан Бердыев, fckairat.com

Әлеуметтік желілерде алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Құрбан Бердыевтың жылдық табысы 600 мың доллар тұратыны жайлы ақпарат тарады. Сондай-ақ «Қайрат» ФК бас жаттықтырушысының Қазақстандағы ең көп жалақы алатын бапкер екені де айтылған.

Осы ақпаратқа қатысты «Қайрат» футбол клубы ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ еңбек шартына байланысты бапкердің нақты қанша жалақы алатыны туралы ақпаратты жариялауға болмайтынын хабарлады.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне тек нақты ақпаратқа сүйенуге, және алматылық клубтың беделіне нұқсан келтіретін ақпараттардан аулақ болуды өтінеміз, - делінген ақпаратта.

Құрбан Бердыев «Қайрат» командасының бас бапкері қызметіне 2021 жылдың тамызында кірісті. Бердыев оған дейін клуб иесі Қайрат Боранбаевтың кеңесшісі қызметін атқарды.

52 жастағы бас бапкермен келісім маусым соңына дейін жасалды. Қос тарап ынтымақтастық мерзімін тағы екі жылға ұзарта алады.

Естеріңізге сала кетейік, жаттықтырушы 1991-1993 және 1994-1995 жылдары да «Қайраттың» бас бапкері болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама