×

«Сонда туа береді»: саясаткер ұрланған 500 млрд долларға әр қазаққа үй алып беруді ұсынды

Олигархтардан тек 300 млн доллар қайтара алған

 Еркеғали Болатұлы 05.08.2022 | 11:10

Қазір елімізде әрбір екі адамның бірінде өзімдікі деген баспана жоқ. Қазақстаннан сыртқа заңсыз шығарылған ақшаны қайтарып, әрбір қазаққа баспана беру керек. «Сұрауы бар» YouTube арнасының кезекті қонағы болып, сұхбат берген экономист Уәлихан Қайсаров осындай ұсынысын алға тартты.

500 млрд долларға жуық қаржы Қазақстаннан шетелге шығып кеткен. Оның ішінде жылжымайтын мүлік, акциялар, банктегі шоттар бар. Ұрланған ақшалар. 500 млрд доллар – ойға кірмейтін қаражат. Ол мына саяси жүйе өзгермей қайтарылмайды. Мың рет халва жесеңіз де аузыңызда дәмі қалмайды дегендей, қанша айтсақ та оны қайтару енді қиын болады, - дейді экономист.

Оның айтуынша, егер шетелдегі ұрланған ақшалар Қазақстанға қайтатын болса, онда оны әлеуметтік жағдайды реттеуге жұмсау керек.

«Қазақстанда проблема көп қой. Бірақ ол ақшалар қайтса, ең бірінші басапанаға жұмсау керек. Елде қазір 2 адамның біреуі үйсіз. Егер адамда бапсана болатын болса, ол кредитке де тәуелді емес.

Мысалы, бір бала тудың ба, мә саған, бір бөлмелі үй! Екі бала тудың ба, 2 бөлме, 3 бала тудың ба, 3 бөлме, 4 бала тудың ба, 4 бөлме беру керек. Сонда туа береді. Оның үстіне «ана капиталын» да беруге болады. Ақша жеткілікті. Осыған мән берсек, қазақтың саны 2 жылдың ішінде 2 есе көбейеді. Бірақ мұны ешкім айтып жатқан жоқ, - деп кейіді Уәлихан Қайсаров.

Қазір Қазақстан заңсыз ақша жымқырған олигархтардан тек 300 млн доллар қайтара алған. Ол, әрине, жеткіліксіз. Оған 50 мың шаршы метр пәтер де сала алмаймыз.

«5 млн адам баспанасыз жүр дейікші. Әрқайсысына 15 шаршы метр десек, 75 млн шаршы метр пәтер керек. Оны 500 мыңға көбейтсек, 37 млрд доллар керек. 37 млрд доллар ғана, бітті. Түк емес қой. Ал шетелде 500 млрд доллар жатыр. 30 жылдың ішінде 15 есе артық ақша шығып кеткен», - дейді экс-сенатор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама