×

«Қазақстан халқына» қоры жиналған 135 млрд теңгенің 5,2 млрд теңгесін ғана халыққа берді

38 млн теңгені жалақы төлеуге жұмсаған

 Бауыржан Мұқанов 19.07.2022 | 16:54
Коллаж: Halyq Uni

Қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған еді.

Қордың ай сайынғы есебіне сүйенсек, құрылғалы бері алты айда 135,2 млрд теңге жиналған. Соның ішінде 131,5 млрд теңге қайырымдылық ретінде аударылса, 3,6 млрд теңге депозиттен түскен пайыз, тағы 9 млн теңге өзге де табыстар ретінде көрсетілген.

Бүгінге дейін қор 5,2 млрд теңгені қайырымдылыққа жұмсады.

51 млн млн теңге әкімшілік шығындар. Әкімшілік шығындардың 38 млн теңгесі жалақы төлеуге кеткен.

Қазір қорда 30 адам жұмыс істейді. Оның 25-і штатта, қалған 5-еуі штаттан тыс азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде қызмет етіп жатыр.

Еңбекақы төлеуге кеткен 38 млн теңгені қаңтар-мамыр аралығында қызмет еткен қызметкерлердің санына бөлетін болсақ, бір қызметкердің орташа жалақысы 329 260 теңгені құрайды.

Қордың бүгінге дейін төлегендері: 

Күні

Мақсаты

Сомасы

05.03.2022

Қаңтарда болған қайғылы оқиғалар барысында қаза тапқан құқық қорғау органдарының, арнайы органдардың және әскери қызметшілердің 17 отбасына қайырымдылық көмек 

119 000 000

05.03.2022

Қаңтарда болған қайғылы оқиғалар барысында ауыр жарақат алған құқық қорғау органдарының, арнайы органдардың, әскери қызметтегі 96 қызметкерге қайырымдылық көмек

288 000 000

11.03.2022

Қаңтарда болған қайғылы оқиғалар барысында ауыр жарақат алған құқық қорғау органдарының, арнайы органдардың, әскери қызметтегі 6 қызметкерге қайырымдылық көмек

18 000 000

11.03.2022

2022 жылғы қаңтарда болған қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының 5 отбасына қайырымдылық көмек

35 000 000

11.03.2022

2022 жылғы қаңтарда болған қайғылы оқиғалар кезінде ҚР жараланған 4 отбасына қайырымдылық көмек

12 000 000

17.03.2022

2022 жылғы қаңтарда болған қайғылы оқиғалар кезінде ауыр жарақат алған құқық қорғау органдарының, арнайы органдардың, әскери қызметтегі 3 қызметкерге қайырымдылық көмек

9 000 000

17.03.2022

2022 жылғы қаңтарда болған қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдарының, арнайы органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің 2 отбасына қайырымдылық көмек

14 000 000

08.04.2022

Қазақстан Республикасында көрсетілмеген медициналық қызметтерге ақы төлеу - Мәскеу қаласындағы «В.И. Кулаков атындағы акушерлік, гинекология және перинатология ҰМЗО» ФМБМ операциясы, ID Cod:35289

1 242 500

12.04.2022

Арнайы бортпен тасымалдауды қаржыландыру (сан.авиациямен) INCHEON SEJONG HOSPITAL, Сеул қ., Оңтүстік Корея, ID Cod: 9576

51 500 000

14.04.2022

Үйдегі өрт кезінде кәмелетке толмаған 3 баласынан айырылған Қостанай облысының тұрғынына қайырымдылық көмек (тұрғын үй сатып алу)

10 000 000

19.04.2022

2022 жылғы қаңтарда болған қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының 5 отбасына қайырымдылық көмек

35 000 000

20.04.2022

2022 жылғы қаңтарда болған қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының 7 отбасына қайырымдылық көмек

49 000 000

20.04.2022

2022 жылғы қаңтарда болған қайғылы оқиғалар кезінде жарақат алған ҚР азаматтарының 5 отбасына қайырымдылық көмек

6 000 000

22.04.2022

2022 жылғы қаңтарда болған қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының отбасына қайырымдылық көмек

7 000 000

16.03.2022 28.04.2022

Жұлын-бұлшықет атрофиясы (СМА) диагнозы бар сирек (орфандық) ауыр сырқаттары бар 5 балаға арналған DURBIN PLC (Ұлыбритания Корольдігі) Онасемоген абепарвовек («Zolgensma») дәрілік препараттарына ақы төлеу ID Cod:25358, ID Cod:35985

4 525 200 000

27.05.2022

Қаңтарда болған қайғылы оқиғалар барысында ауыр жарақат алған құқық қорғау органдарының, арнайы органдардың, әскери қызметтегі 5 қызметкерге қайырымдылық көмек

15 000 000

31.05.2022

Қазақстан Республикасында көрсетілмеген медициналық қызметтерге ақы төлеу – Мәскеудегі операция «Медси компаниялар тобы» АҚ

4 114 342

31.05.2022

Қазақстан Республикасында көрсетілмеген медициналық қызметтерге ақы төлеу – Мәскеу қаласындағы операция «Тамыр патологиясы орталығы» ЖШС

584 171

 

Қордың мәліметінше, оның міндеттері:

  • Ауыр және сирек кездесетін аурулары бар нәрестелер мен балаларға медициналық қызмет көрсетуді дамытуға және қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Балаларға арналған спорттық және білім беру инфрақұрылымын, сондай-ақ басқа да қызметтерді дамытуға және қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Мүгедек баланы асырап алған, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбиелеуге алынған отбасыларға көмек көрсету;
  • Аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету үшін мектептермен өзара әрекеттесу;
  • Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін сақтап қалу кезінде қаза тапқан немесе ауыр жарақат алған қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсету;
  • Төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
  • Әлеуметтік қорғау шаралары шеңберінде көмек көрсету;
  • Қор қызметінің басқа да басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету;
  • Халықтың проблемаларын оларды шешу бойынша шаралар әзірлеу үшін тиісті мемлекеттік органдарға одан әрі баяндау үшін біріктіру.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама