×

Тез баюды ойлағандар бір қаржы пирамидасына 5,8 млрд теңге құйған

Пирамиданың жетекшілері 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

 Еркеғали Болатұлы 27.06.2022 | 16:45
фото: ашық дереккөз

Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарды еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салып, сол арқылы табыс табуға шақырған.

2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасы жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.

Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, пирамидалық схеманың тағы 5 ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды.

Агенттік қазақстандықтарға қырағы болуға және ақшаны күмәнді қаржы институттарына салмауға кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама