Құқық қорғаушылар алаяқтар қалай алдайтынын түсіндірді
Елорданың тәртіп сақшылары азаматтардың 8 млн теңгесін жымқырған күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Anti-fraud жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Шымкенттің 23-26 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады.
Автокөлік ұтыс ойынына қатысамыз деген желеумен интернет ресурстарын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілерге тиесілі қаражатты иемденген. Құқық қорғаушылар олардың осыған ұқсас 25 оқиғаға қатысы барын анықтады. Азаматтарға келтірілген материалдық шығын шамамен 8 миллион теңгені құраған, – дейді polisia.kz.
Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың бас қалада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.
Тәртіп сақшылары азаматтарды бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертіп, интернетте жиі кездесетін алаяқтық түрлерінен абай болуды еске салады:
«Арзан тауар сатамыз». 60-тан аса адамды алдаған күдікті анықталды. Павлодарда өзгенің атына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеген лудоман құрықталды.