×

Павлодарда өзгенің атына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеген лудоман ұсталды

Күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

 Динара Амантай 16.05.2024 | 12:45
Фото: polisia.kz

Павлодарда өзгенің атына миллион теңгеден астам несие рәсімдеп, жәрдемақыны да алып алған лудоман ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, павлодарлық тұрғын үйдің ауласында бір қызбен танысқан. Айлакер жігіт қыздың психикалық ауытқуы бар екенін түсініп, оның дәрменсіз күйін пайдалануды шешкен. Қызды суретке түсіріп, бірнеше микроқаржы ұйымдарынан 800 мың теңгеге жуық несие рәсімдеген. Осыдан кейін ол барлық қаражатты қарыз шотына және букмекерлік кеңселерге аударады.

Алайда жігіт мұнымен тоқтамай, қызды техника дүкеніне апарып, оның атына 350 мыңға жуық теңгеге iPhone телефонын несиеге рәсімдеген.

Жігіт телефонды және жәбірленушінің картасынан 79 мың теңгені алып, кетіп қалған. Осыдан кейін қыз полицияға жүгінді. Алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.

Күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама