Тасқыннан зардап шеккен 20 мыңнан астам отбасы арнайы төлем алды
Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматқа жан-жақты көмек көрсетіледі
Су тасқынынан кейін 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты. 11 мамырдағы жағдай бойынша, 130 отбасы ескі тұрғын үйлерінің орнына жаңа баспанаға ие болды. Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр. Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Жалпы алғанда зардап шеккен өңірлерде 9995 тұрғын үй тексеріліп, 7522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді, – деді Үкімет.
Залалды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматқа жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
Су тасқыны: Арқалықтан 400 млн теңгеге 31 пәтер сатып алынды. Депутат су астында қалған саяжай иелеріне өтемақы беруді ұсынды. Су тасқыны: СҚО-да 500 үй салынады. Су тасқынынан үйсіз қалған Ақмола тұрғындары тамыздың ортасына дейін баспанамен қамтылады. Табиғи апат: малынан айырылғандарға 1,1 млрд теңге өтемақы төленген. Малға құжат болмаса, шығын қалай өтеледі - министр түсінік берді.