×

Ақтөбе облысында жолға бөлінген бюджет қаржысы заңсыз жұмсалған

Қазір қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды

 Динара Амантай 17.04.2024 | 15:25
Фото: Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласының прокуратурасы жол белгілерін салуға бөлінген бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылы «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ мен серіктестіктердің бірі арасында Ақтөбе қаласының жолдарында 213,3 млн теңгеге жол белгілерін орнату туралы шарт жасалған. Шарт бойынша барлық жұмыс аяқталғаннан кейін орталық көрсетілген қаржыны толығымен төлеген. Шарттың талаптарына сәйкес, 3 айдың кепілдік мерзімі ішінде серіктестік бұзылған белгілерді өз есебінен қалпына келтіруге міндетті.

Алайда тексеру барысында орталықпен кепіл мерзімі ішінде бұзылған белгілерді қалпына келтіргені үшін серіктестікке 45,5 млн теңге бюджет қаражатының заңсыз аударылғаны анықталды.

Ақтөбе қаласының прокуратурасы жоғарыда айтылғандар негізінде ҚР ҚК-нің 361-бабы 1-бөлігі («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу және процестік шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама