Павлодарда қоғамдық көліктердегі қосымша ақы алынып тасталды
Бұл тұрғындарға үлкен көмек болары анық
1 маусымнан бастап барлық санаттағы азаматтар қаланың ауылдық аймағы мен саяжайларға дейін баратын қоғамдық көлікпен (үлкен және кіші сыныптағы автобустар) жол жүру үшін қосымша ақы төлемейді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Бұған дейін жеңілдікпен жүруге құқығы жоқ қала тұрғындары ауылдар мен саяжай бақшаларына дейін жол жүру үшін қосымша ақы төлеген болатын. Бүгінгі таңда Павлодар қаласының ішінде және сыртқы аумақтарына қатынайтын үлкен әрі кіші кластағы автобустарда жол жүру ақысы бірдей. Ол - 80 теңгені құрайды», - дейді Павлодар қаласы ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі.
Қызылордалық көше тазалаушылар автобуста тегін жүретін болды. Жасөспірімдер жолақының 50 пайызын ғана төлейді – заң жобасы. Құлсарыда қоғамдық көлік жүргізушілері наразылыққа шықты.