×

Қызылордалық көше тазалаушылар автобуста тегін жүретін болды

Облыс әкімі олардың еңбегі аса жауапты әрі қиын екенін алға тартты

 Еркеғали Болатұлы 26.05.2022 | 11:10
фото: fb.ru

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жұмысшылары қоғамдық көлікте тегін жүретінін хабарлады.

Жеке мәселелері бойынша облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдауына келген «Қызылорда тазалығы» КММ-нің жұмысшысы Гүлайым Қарғабаева 18 жылдан бері осы жұмысқа қоғамдық көлікпен жиі қатынайтынын және бұл қалтаға әжептеуір салмақ салатынын айтып, көмек сұраған.

Содан кейін облыс әкімі олардың еңбегі аса жауапты әрі қиын екенін алға тартып, қала әкімі Асылбек Шәменовке 1 маусымнан бастап қоғамдық көлікте көше тазалаушылар үшін тегін жүру билетін енгізуді тапсырды.

«Күннің ыстық-суығына қарамастан еңбек етіп, қаланың тазалығын сақтап жүрген «Қызылорда тазалығы» ЖШС жұмысшыларына құрметіміз ерекше болуға тиіс. Таңның атысы мен кештің батысына дейін көше аралап жүретін азаматтарға барынша қолдау көрсетілуі қажет», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама