×

S-Group және Sincere System Group қаржы пирамидасын ұйымдастырғандардың ісі сотқа жіберілді

Олар қылмыстық әрекеттерін әлеуметтік желілер арқылы іске асырған

 Динара Амантай 11.03.2024 | 17:45
Фото: Halyq Uni

23 ақпанда Алмалы ауданының соты Ж. Санаеваға, Т. Ковалевичке және Ф. Әйешке қатысты қылмыстық құқықбұзушылық жасауға жәрдемдесу, нақтырақ айтқанда Sincere System Group, S-Group ЖШС қаржылық (инвестициялық) пирамидаларын құру фактісі бойынша қылмыстық істі қарауға кірісті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тергеу органы жоғарыда аталған адамдар, заңсыз материалдық пайда табу үшін салымшыларды жаппай тарту қажеттігін сезіне отырып, WhatsApp және Telegram әлеуметтік желілері арқылы халықтың басым көпшілігіне S-Group жобасының қызметі туралы жалған ақпарат бергенін және әлеуетті салымшыларды ақша салуға үгіттегенін анықтады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жауабына сәйкес, Sincere System Group ЖШС-ында қаржы пирамидасы қызметінің белгілері бар.

Компанияның қызметі, бағдарламаға қатысушының кірісін басқа қатысушыларды тарту арқылы салымдар есебінен қалыптастыруға, қатысушыларды иерархиялық құрылым бойынша тартуға, назар аудару мақсатында ауқымды жарнамаға бағдарлануға бағытталғанын ескере отырып, бұл қаржылық пирамида екенін аңғаруға болады. Сонымен қатар іс материалдарында мемлекеттік шекарадан асқан, қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Машуровқа (Украина азаматы), М.Н. Авазоваға және Р.Р. Тажбеновке қатысты іс бөлектеліп алынды. Осы адамдарға қатысты сырттай «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына сәйкес Sincere System Group қаржылық пирамидасының ұйымдастырушылары ретінде В. Машуровтың, М. Авазованың, Р. Тәжбеновтің қатысы бар екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама